Съезге және Мектепке қатысу ақылы. Барлық қатысушылар үшін жарна құны:

60 000 ₸

бір адамға ҚҚС –сыз (алпыс мың) теңге
Тіркеу жарнасына кіреді:
Съезд және Мектептің пленарлық сессияларына қатысу
кофе – брейктерге
түскі астарға
қатысушы портфелі
ашылу салтанаты мен үлкен қонақасыға қатысу
Қатысушының кез-келген іс-шарада болмауы немесе ішінара болуы жағдайында қатысу жарнасы қайтарылмайды.

Съезге және Мектепке қатысу үшін «Қатысуға өтінім» тіркеу формасын толтыру қажет. Өтінім әрбір қатысушыға жеке толтырылады. Төлемді кез-келген банк арқылы жолдауға болады, реквизиттер төмендегі толтыруға арналған үлгіде ұсынылған. Егер Сіз заңды тұлға атынан өтінім жолдайтын болсаңыз, төлемшот алу үшін өзіңіздің банк реквизиттеріңізді енгізуіңіз қажет.

Тіркеу туралы растау тіркеу жарнасы келіп түскеннен кейінгі 2 күн ішінде Қатысушыға электрондық поштаға жіберіледі.

Сонымен бірге, Сіз іс-шараға келген уақытта да тіркеле аласыз. Іс-шараға келу уақытында тіркелу құны ҚҚС-сыз 60 000 (алпыс мың) теңгені құрайды.

Ертерек тіркелуге кеңес береміз. Бұл қатысушы портфелін алу барысын жылдамдатады және іс-шараға келген уақытта тіркелу үшін кезекте күтіп тұрудың алдын алады.

Іс-шараға тіркеу ашық

ТІРКЕУ ОРНЫНЫҢ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ МЕН АҚПАРАТТАР
  • 2019 жылғы 11 шілде отель Rixos President Astana сағат 8:00 -ден 18:00 –ге дейін

  • 2019 жылғы 12 шілде Rixos President Astana 8:00 -ден 18:00 –ге дейін.

  • 2019 жылғы 13 шілде Rixos President Astana 8:00 -ден 11:00 –ге дейін.