ЖАС НЕЙРОХИРУРГТАРДЫҢ БАЯНДАМАЛАРЫ БАЙҚАУЫ

Қазақ нейрохирургтары ассоциациясы Мемлекет Басшысының 2019 жылды – Қазақстандағы Жастар жылы деп жариялауы аясында Балалар нейрохирургтарының Еуразиялық қауымдастығының және ISPN халықаралық мектебінің II съезінің барлық қатысушылары үшін Жас нейрохирургтардың баяндамалары байқауын жариялайды.

Байқауға қатысушыларға талаптар

35 жасқа дейінгі «Нейрохирургия» мамандығы бойынша резидентура тыңдаушылары мен нейрохирургтар
Байқауға барлық елдердің азаматтары жіберіледі

Байқауға қатысуға барлық тілек білдірушілер Съездің жалпы талаптарына сәйкес абстракттарды жолдауы керек және өзін Байқау қатысушысы ретінде белгілеуі керек

Іріктеу турында барлық абстракттар арнайы байқау комиссиясымен қаралады
10 абстракт байқау комиссиясының және басқа да қатысушылардың алдында Съезде ауызша баяндама жасау үшін іріктеліп алынады
Регламент 5-7 минут
Баяндамалар оқылып болғаннан кейін байқау комиссиясы 1,2,3 орын алған ең үздік байқау қатысушыларын анықтайды
Жеңімпаздар дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталады

Ауызша оқылатын баяндамалар тізіміне ену, енбеуіне байланыссыз, егер байқау комиссиясы мақұлдаған жағдайда Съезд жинағына енгізіледі.