Абстрактарды тапсыру

Абстракттарды тапсырудың соңғы мерзімі 2019 жылғы 9 маусымға дейін ұзартылды.

2019 жылғы 9 маусымнан кейін жолданған абстракттар қарауға қабылданбайды.

 

This field is required!
This field is required!
This field is required!
Назар аударыңыз! Жүктелетін файл 100 Кб-тан аспауы керек
Бұл өріс мәндетті. Сіз енгізіп отырған файл келесі форматта екеніне көз жеткізіңіз: .doc, .docx.

Авторлар абстракттарды осы беттегі форма бойынша немесе abstract@astananeuro.kz. электрондық мекенжайына жолдайды. Егер көмек қажет болса, бізге электрондық пошта арқылы байланысқа шығыңыз. Қателерді болдырмас үшін, дұрыс жазылуын мұқият тексеруді ұмытпаңыз. Абстракттар жолданған қалпында жарияланатындығына назар аударыңыз. Абстракттарды жолдағаннан кейін алынғаны расталған  электрондық хаттарды өшіріп тастамаңыз. Бұрын еш жерде жарияланбаған түпнұсқа ғылыми материалдар ғана қабылданады.

Авторлар бір немесе одан да көп материалдар жолдай алады.
Абстракттар орыс/ағылшын тілдерінде қабылданады.

АБСТРАКТТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

Абстрактты барынша ақпараттандырыңыз. Ұйғарымдар деректермен расталуы керек. Абстракт мәтіні келесі түрде болуы керек:

- мақсаттары,

- әдістері,

- нәтижелері,

- ұйғарымдар.

Қалыпты аббревиатураларды және препараттардың жалпы атауларын қолданыңыз. Ерекше аббревиатуралар немесе қысқартулар алғаш жазғаннан кейін дөңгелек жақшаларды қолданыңыз. Мәтінде авторды(ларды) немесе мекемені(лерді) көрсетпеңіз.

АБСТРАКТ ФОРМАТТАРЫ

  • Сөз саны – 250.
  • Автордың (лардың) тегін, аты-жөнін, жұмыс орнын, қала, елін көрсетіңіз. Автордың (лардың) ғылыми дәрежелерін немесе атақтарын көрсетпеңіз.  (Dr., PhD., Prof., MD және т.б.).

АБСТРАКТ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

  • Нерв жүйесі дамуының кемістіктері (нейрогенетика, классификация, эпидемиология, этиологиялық емдеу, жаңа технологиялар, емдеу диагностикасын тексеру)
  • Перинатальды нейрохирургия (ұрық хирургиясы, перинатальды, интранатальды, балалардағы нейрохирургиялық патологияларды емдеу және постнатальды диагностика)
  • Балалар нейроонкологиясындағы мәселелер
  • Функциональды және реконструктивті балалар нейрохирургиясы
  • Балалардағы цереброваскулярлық патологиялар
  • Балалардағы бассүйек-ми жарақаты (БМЖ)
  • Балалар нейрохирургиясындағы этика, деонтология тарихының өзекті сұрақтары
  • Әртүрлі

Абстракттарды жолдағаннан кейін авторлар абстракттың қарауға қабылданғаны туралы электрондық поштаға хат алады. Егер Сіз растаушы хат алмасаңыз, abstract@astananeuro.kz.  поштасы арқылы Ұйымдастыру комитетімен байланысыңыз.

Өтінім жолдаған абстракт авторлары 2019 жылдың 15 маусымына дейін абстракттың баспа бетіне жариялауға қабылданғаны туралы екінші хат алады.