Балалар нейрохирургтарының Еуразиялық қауымдастығын құрудың негізгі идеясы Еуразиялық кеңістіктегі балалар нейрохирургтарының арасында ғылыми және тәжірибелік жетістіктермен алмасу, балалар нейрохирургиясы саласындағы оқыту, байланыстар орнату.

Балалар нейрохирургтарының Еуразиялық қауымдастығының I съезі 2017 жылы Минск қаласында(Беларусь Республикасы) өткізілді. «Ерте диагностикалаудан - тиімді емдеуге» ұраны Балалар нейрохирургтарының Еуразиялық қауымдастығының I съезінің негізгі  тұжырымдамасына айналды. Съезд бағдарламасы тақырыптық секциялық отырыстар, пленарлық дәрістер, сателлиттік симпозиумдар және постерлік сессиядан құралды.

Image
Image

Балалар нейрохирургтарының Еуразиялық қауымдастығы Президиумының I съездегі шешімімен Қазақстанға II съезді өткізу сеніп тапсырылды. Қазақстанның Елордасы - Астана қаласында 2019 жылғы шілде айының 11-13 аралығында Балалар нейрохирургтарының Еуразиялық қауымдастығының және Балалар нейрохирургиясы бойынша  халықаралық мектептің II Съезі өткізіледі. Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь Республикасы, Армения, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Молдова, Израиль, Қытай мемлекеттерінен нейрохирургтар қатысады деп күтілуде.

 

Сонымен қатар, Балалар нейрохирургтарының Халықаралық  қауымдастығының (ISPN) атынан тәжірибелі нейрохирургтар өз тәжірибелерімен бөліседі. Бұл курстардың мақсаты балалар нейрохирургиясының қазіргі заманғы аспектілері, мәселелері және жетістіктері, балалардағы нейрохирургиялық ауруларды емдеу мен күтілетін нәтижелер туралы нейрохирургтарды ақпараттандыру болып табылады.

Қазақстанда Жастар жылы деп жариялануы құрметіне орай,  2019 жылғы 13 шілдеде өткізілуі жоспарланған  Жас нейрохирургтар байқауы аясында жас нейрохирургтардың баяндамалары тыңдалады.